Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕЭО елдері Иранмен еркін сауда аймағын құру жөнінде келіссөз өткізеді

ЕЭО елдері Иранмен еркін сауда аймағын құру жөнінде келіссөз өткізеді

Еуразиялық Экономикалық Одаққа (ЕЭО) мүше елдер маусым айының соңында Иранмен еркін сауда айналымын құру жөнінде келіссөз жүргізеді. Мұны Ресейдің экономикалық даму министрінің бірінші орынбасары Алексей Лихачев хабарлады.

«Келіссөздер маусым айының соңына жоспарланып отыр. ЕЭО-ға мүше елдерден сарапшылар деңгейіндегі консультациялар болады»,- дейді Лихачев. Ол келіссөздердің еркін сауда аймағын құру әдістемелеріне бағытталатынын айтты. Иран ДСҰ-ға мүше емес әрі сауданы бақылаудың өзіндік талаптары бар. Келіссөздер ЕЭО ол ерекшелікті өз мүддесіне бейімдеу үшін қандай шара қабылдау қажет деген сұраққа жауап іздейді деп атап өтті дереккөз. ЕЭО мен Иран арасындағы еркін сауда аймағын құру жөніндегі бейресми консультациялар мамыр айының ортасында басталды. Соныман қатар, одаққа мүше елдер Үндістан, Израиль, Египетпен келісім жасап жатыр. ЕЭО-мен еркін сауда аймағы туралы алғашқы халықаралық құжат мамыр айында қабылданды. Осы уақыттан бастап Вьетнаммен арада еркін сауда аймағы құрылған еді.

Похожие материалы