Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Егер сізге салықтан тексеру келсе

Егер сізге салықтан тексеру келсе

Тексеріс - кез келген кәсіпкер білуі тиіс процедуралардың бірі. Оның қандай түрлері бар, неге тексереді және алдын-ала айтылуы керек пе? 7күн оқырмандар үшін қысқаша түсініктеме ұсынады. 

Мемлекеттік кіріс комитеті және оған тиесілі органдар салықтың қандай түрлері бойынша тексеру жүргізуі қажет?

 Жоспарлы тексеру
Егер салық төлеушіден салық төлей алмай қалады деп қауіптенсе немесе заңды бұзған жағдайлар болса, арнайы тексеру болады. Жоспарлы түрде қандай кәсіпкерлер тексерілетіндігі салықтық есептің қорытындысы мен бизнес туралы басқа да ақпарат негізінде анықталады. Тек тәуекелі жоғары деген кәсіпкерлер ғана арнайы тізімге енгізіліп, жоспарлы  түрде тексеріліп отырылады. Тізім жыл сайын құрастырылып, қаржы министрлігі бекітеді. Ары қарай есеп берудің басталуына 15 күн қалғанға дейін (15 мамыр және 15 желтоқсан) Бас прокуратураның құқықтық статистика комитетіне жіберіледі.  
Жоспардан тыс тексерулер 
Аталған тексерістер заңды бұзды деген фактілер мен жағдайлар тіркелсе ғана жүргізіледі. Салық төлеушінің өз арызы бойынша бизнесі ерікті түрде жойылатын болса, екіжақты салық төлеуден жалтару мақсатында Қазақстан Республикасының азаматы емес деген кәсіпкер ұжымдық салықты қайтару деген арыз берсе немесе салық төлеушіден (экспортер) бюджеттен ҚҚС-ны қайтару туралы салықтық есеп (ҚҚС) талап етілсе осы тексеру жүргізіледі. "Жоспардан тыс тексерулердің көпшілігі бизнесті ерікті түрде жою туралы процедураның аясында жүргізіледі. Сондай-ақ бұл тексеріс құзырлы органдардың қылмыстық іс қозғау туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады. Егер клиенттері яғни шетел азаматтары екіжақты салық төлеуден жалтару мақсатында ұжымдық салықты қайтару деген арыз берсе салық агенттеріне де қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі", - дейді бұл туралы салық бақылау департаментінің аудит басқармасының басты сарапшысы Руслан Жарқынбаев.
Көлеміне байланысты жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер кешенді және салалық деп екіге бөлінеді.
Салалық тексеру салықтың белгілі бір түріне байланысты және басқа да төлемдер бойынша жүргізіледі.
Кешенді тексеру барлық салық түрі бойынша және басқа да міндетті төлемдерге қатысты іске асырылады.

 Сізді тексеру келе жатқаны туралы ескерту керек пе?

Кәсіпкерге жоспарлы тексеру баратыны туралы 30 тәулік бұрын ескерту қажет. Ол ескертуде тексеру түрі (кешенді немесе салалық), тексеру себептері және қажетті құжаттар тізімі жазылады.
Тексеру баратыны туралы акт қолыңызға келсе, 30 күндік мерзімнің басталуы деп есептелуі қажет. Актпен бірге салық төлеушінің тексеру кезіндегі құқықтары мен міндеттері жазылған арнайы ақпараттық қағаз берілуі тиіс.

"Тәжірибеден қарағанымыздай салық төлеушілердің көп бөлігі ескертпе алғаннан кейін өз қателіктерін жояды. Егер салық тексерісі кезінде мемлекеттік кіріс органдары ешқандай заң бұзушылықтар байқалмаса ешқандай айыппұл санкциялары салынбауы керек", - деп түсіндіреді салықтық бақылау департаментінің аудит басқармасының бас сарапшысы Руслан Жарқынбаев.

Қандай жағдайларда кәсіпкер салық тексерісінен босатылуы мүмкін? 

Мемлекеттік тіркеуге тұрғаннан күннен бастап 3 жыл ішінде микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік объектілеріне салықтық тексеру жүргізуге тыйым салынады.

Похожие материалы