Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Эйр Астана Air Transport World Awards жүлдесіне ие болды

Эйр Астана Air Transport World Awards жүлдесіне ие болды

2015 жылдың 25 ақпанында АҚШ астанасы Вашингтон қаласында өткен  салтанатты рәсімде "Эйр Астананың" президенті Питер Фостер 4300 қызметкердің атынан жүлдені алып келді. Бұл жөнінде әуекомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Жүздеген әуеиндустрия өкілдері қатысқан шарада "Эйр Астана" басшысы қолдау білдіргендіктері үшін қазақстандықтарға алғысын айтып, осы сыйлықты жеңіп алғандарына қуанышты екендігін жеткізді. Аir Transport World Awards-тың бас редакторы Карен Уолкер компанияның қаржылық көрсеткіштері мен табысқа деген құлшынысын жоғары бағалады.

Қазақстанның ұлттық әуетасымалдаушысы 2002 жылы 17 млн доллар капиталмен құрылған еді. Жыл сайын компания қосымша инвестициялар мен кепілдемелерсіз-ақ табысты нәтиже көрсетеді. Сонымен бірге компания орташа жасы 5 жыл болатын батыстық өндірістен шыққан заманауи ұшақтардан тұратын авиапарк құрған болатын.

Airline Industry Achievement Awards ұсынған ATW байқауы әуе саласындағы ең айтулы байқау болып саналады. Аталған сыйлыққа Хитроу әуежайы, «Боинг» және «Люфтганза» ие болды.

«Эйр Астана» BAESystems пен Қазақстан Республикасының "Самұрық-Қазына"әлеуметтік қамсыздандыру қорының бірлескен кәсіпорны. Сәйкесінше, үлестері - 49% бен 51%.

Ақпарат көзі: капитал.кз

Похожие материалы