Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең атақты автокөліктері

Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең атақты автокөліктері

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толады. 7kun.kz осы мерейтойға арнап Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары аты шыққан, әскер қатарында жаппай пайдаланылған, кей жағдайда, тіпті, бүтіндей бір бағыт, саланың пайда болуына ықпал еткен автокөліктерге шолу әзірледі.

ГАЗ-64

875207110Кеңес жауынгерлері алдымен Виллис, кейінірек командирлерді тасуына байланысты "Ешкі" атап кеткен ГАЗ-64 - одақтастардың жеңіске жетуіне үлкен үлес қосқан  техника. Бұл көлік кеңестік автомобиль өндірісінде бүтіндей бір бағыттың пайда болуына себепші болды. Толық тартпалы, атақты "полутарканың" моторын алған ГАЗ әлі күнге соғыс болып жатқан жерлерде сұранысқа ие.

bed9bb64d3734dca07eb20dfc1b595701941 жылы қаңтарда кеңес билігі бірден екі кәсіпорын - ГАЗ бен Ғылыми автотрактор институтына (НАТИ) жеңіл, арзан, көп күтімді қажет етпейтін көлік жасап шығаруды тапсырады. Екі айдан кейін әскери полигонда ГАЗ-64 пен НАТИ-АР сыналады. Нәтижесінде, арзанға түскен ГАЗ-64 жеңіп, 1941 жылдың тамыз айынан бастап жаппай шығарылымға шығады.

ГАЗ-64 американдық виллистер келмей тұрып кеңес әскерінің таптырмас көмекшісі болып келген-ді. Ол сағатына 90 шақырымға дейін жылдамдық ала алатын, ал жолсыз жерлермен 25 ш/с жылдамдықпен жүретін.

1943 жылы ГАЗ-64-тің модернизацияға ұшыраған ГАЗ-67 деген нұсқасы шықты.

WILLYS MB

na_jeep_01Жол талғамайтын көліктердің атасы атанған Виллис - осы. Айтпақшы, Кеңес билігі жоғарыда біз айтып кеткен ГАЗ-64-ті осы Виллистен көшіріп алған екен. 1942 жылдан бастап ленд-лиз бойынша жүздеген WILLYS MB моделінің КСРО-ға келгені және бар. Бір қызығы, кейінірек виллистер Иркутск пен Коломнада жинала бастапты.

na_jeep_031940 жылы АҚШ әскеріне жолсыз жермен жүретін көлік қажет болады. Willys-Overland Motors компаниясы тендерді ұтып алып, Willys MА моделін шығарады. 1942 жылы Форд компаниясы конвейерден Ford GPW деген атаумен шыққан (бәріміз білетін "джип" сөзі осы модельдің алғашқы екі әрпінен пайда болған), бірақ Willys MВ деген атпен танымал көлік құрастырады.

Зеңбіректі де, командирлерді де таси беретін, күй талғамайтын, нағыз соғысқа арналған виллистер "арқасына" пулемет те орнатты, жаралыларды да тасыды, бір сөзбен айтқанда, Екінші дүниежүзілік соғыстың нағыз батыры атанды.

OPEL BLITZ

Opel_Blitz_Wehrmacht_truckШығыс майданда немістер қолданған жүк көлігі. "Найзағай" деген атаумен де танымал. Соғыс кезінде Үшінші Рейх ең көп шығарған көлік. Кеңес жауынгерлері OPEL BLITZ-ті қолға түсірсе қуанады екен, себебі үштонналық жүк көлігі қару-жарақ пен жаралыларды тасуда таптырмас құрал болған.

1Opel-Blitz_4Бранденбургтағы зауыттан шығатын "Найзағай" 3,5 литрлік қозғалтқышқа, 75 атты күшіне тең қуатқа ие болған. Түзу жолда жылдамдығын сағатына 90 шақырымға дейін арттыра алған.

Үнем мақсатында кабинасы ағаштан да жасалып отырған екен.

ГАЗ-АА

FORDTIMKEN_1Халық арасында "полуторка" аталып кеткен, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ең танымал көлік. Түбін қуалап келгенде, бұл американдық Форд АА жүк көлігінің модернизацияға ұшыраған нұсқасы болатын.

ГАЗ-АА 1932 жылдан бастап бір жылдай уақыт бойы американдық бөлшектердің негізінде құрастырылып, шығарылады. 1933 жылы Горкий автозауытының мамандары бірқатар өзгерістер енгізіп, көлікті тек кеңестік құрамдас бөліктерден тұратын жасайды.

f4a32810e9af2f4dec3596cefc57af8c1938 жылы көлік 3,3 литрлік жаңа қозғалтқышға ие болады да, ГАЗ ММ деп атауын өзгертеді. Ол жылдамдығын 100 ш/с-на дейін арттыра алатын. Ладога көлі арқылы блокададағы Ленинградқа тамақ тасып, қайтарда жаралыларды алып кететін аңыз-көліктердің бірі - осы ГАЗ АА.

DODGE WC

Dodge-in-World-War-IIКеңес әскері оны Додж төрттен үш деп атаған, себебі ол бір тонна жүктің төрттен үшін (750 кг) алып жүре алатын болған. Қарапайым, сенімді, әрі әмбебап көлік солдаттардың сүйікті техникаларының бірі саналыпты.

Dodge_WC_Half-ton_4x4Барлау топтары мен диверсанттарды жеткізетін, жеңіл және орта салмақтағы артиллериялық жүйелерді таситын, пулемет орнатып, шайқасқа шығатын, жаралыларды тылға апарып, қайтарда азық-түлік ала келетін  DODGE WC Екінші дүниежүзілік соғыстың орта салмақтағы көліктерінің эталоны болды. Айтпақшы, дәл осы "Додж төрттен үш" кейінірек кеңестік атақты "Шишига" - ГАЗ-66-ға айналған ГАЗ-62-нің прототипі атанған-ды.

VOLKSWAGEN TYP 166

Schwimmwagen1942Суда да жүзіп кете беретін, жол талғамайтын СС әскерінің көлігі. Құрғаққа жылдам шығып кетуі үшін VW инженерлері оны алдыңғы жетекті етіп жасаған.

Volkswagen_Type_166_Schwimmwagen_1942-44_03Көлік 1942 күзі мен 1944 жылдың жазы аралығында шығарылған. Барлығы 14 мың данасы жарық көрген.

ЗИС-5

big_150d6e516806d476580Қызыл Әскердің негізгі жүк немесе адам тасушы құралдарының бірі. Ел бойынша барлығы жарты миллиондай ЗИС-5 болған. КСРО-ның экспортқа шығарған алғашқы автокөлігі болуы мүмкін деген болжам бар, себебі ЗИС-тер Түркияда да сатылыпты.

1380164027_d097d098d0a1-5Жүргізушілер оны "Захар" немесе "Захар Иваныч" деп атады. Кабинасы мен қорабы шұрық-тесік болып, көрмегенді көріп, оқтың астынан талай жауынгерді аман алып шыққан. ГАЗ-АА секілді ЗИС-5 те әу басында бейбіт өмірге арналған көлік болған, алайда соғыс басталғанда өзге ауыр автотехниканың болмауына байланысты, әскер өміріндегі ең жауапты рөлді атқаруға жегілген.

STUDEBAKER

GMC_2_Half-ton_6x6_TruckҮшбілікті американдық жүк көлігі ленд-лизбен КСРО-ға жеткізіліп отырылған. Тіпті киноға да түскен: атақты "Место встречи изменить нельзя" фильмінде жағымсыз кейіпкер Фокс Жигловтан осы көлікке мініп қашады.

studUS6U-68-595_DmitriiKБір қызығы, АҚШ-та шығарылған бұл көлік АҚШ аумағында ешқашан пайдаланылмаған екен.

Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары STUDEBAKER аңызға айналған "Катюшаны" да тасиды, жол, күй талғамайтын сенімді көлік ретінде жаппай қолданылады. Барлығы Кеңес әскерінің қарауында 200 мың Studebaker US6 болған.

Horch 901

Horch_901_wehrmacht_PKW_car_15Ең атақты Үшінші Рейх машинасы. Өз заманы үшін керемет көрсеткіш - 90ш/с-на жылдамдықпен жүретін немістердің жол талғамайтын көлігі соғыс жылдары артиллериялық құрал-жабдықты сүйреді, адам тасыды, радиобайланыс орталығы болды.

8de502a410cd38e9ab92aadf9937ecadАлайда, американдық виллистер мен кеңестік ГАЗ-дарға қарағанда күтімді көп қажет еткен, ал оны әрқашан тазалап, сүртіп, майлап отыру шайқас кезінде, соғыс жағдайында мүмкін болмаған.

Похожие материалы