Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Экономикалық талдаудан экономиканың инклюзивті өсуіне қарай

Экономикалық талдаудан экономиканың инклюзивті өсуіне қарай

Көптеген экономикалар инвестициялар, жылдам инновациялар және күшті ЖІӨ табыстары теңсіздікті төмендету іс-шараларымен бірге жүретін инклюзивті экономикалық өсудің рецептін іздеп жатыр.

Консерваторлар өсу үшін кәсіпкерлікті ынталандыратын икемді еңбек нарықтары мен төмен салықтар керек деп сендіреді. Бірақ теңсіздікті азайту мемлекеттік шығыстарды және салық салудың жоғары деңгейін талап етеді (үкімет құлдыраған экономиканы ынталандыру үшін тапшылықпен жұмсауды ұстанатын жағдайды қоспағанда).

Скандинавиялық экономикалық модель осы мәселені шешу үшін жиі қолданылады. Атап айтқанда, даниялық «флексекьюрити» жүйесі, тарихта төмен теңсіздікпен қатар мықты экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берген. Филипп Агьон сияқты жетекші экономистер бұл модельдің бүкіл әлемде өсу, теңдік, және азаматтардың жалпы қанағаттану деңгейін тепе-тең ұстай алуы туралы жақсы талдаудар жариялады.

Бұл экономистер кәсіпкерлікке төмен салықтар салынатын, инновацияларға жомарт ынталандыру бар, және жұмысқа алу мен жұмыстан шығару бойынша бірнеше шектеулері ғана бар еңбек нарықтары салыстырмалы түрде тең табыс бөлу, жоғары әлеуметтік шығыстар, сондай-ақ жаппай тегін білім беру сияқты әлеуметтік саясатты теңестірумен үйлесімді деп санайды.

Бұл модель Еуропада тұрақты пікірталас тақырыбы болды, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарында да қазір өзекті мәселе болып табылады, себебі Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі инновациялар мен өсуді жақсарта отырып, жаһанданудан «жолы болмағандарға» көмектесуге уәде берді. Бірақ АҚШ-та, саяси тұрғыдан, білім беру, денсаулық сақтау, сондай-ақ зейнеткерлерді қаржымен қамсыздандыруға жомарт мемлекеттік шығыстардың болуын талап ету әлдеқайда қиын, себебі олай жасау жоғары салықтар ауқымын арттырады.

Инклюзивті экономикалық өсу моделін іздеу саяси шеңбердің квадратурасын табу міндетіне айналғандай. Ол әсіресе, білім беру, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, оқыту, сондай-ақ денсаулық сақтауға жұмсалатын айтарлықтай қоғамдық шығыстарын ұлғайтуы керек болады.

Аталып өткен даниялық және швед мысалдарындағы сандарды қарастыру пайдалы болып табылады. Жалпы айтқанда, бұл елдер тамаша экономикалық көрсеткіштерге ие. ЖІӨ-нің өсуі АҚШ-тан жоғары болмағанымен, адамдардың көпшілігі жоғары өмір сүру деңгейіне ие, сондай-ақ зерттеулер Скандинавиялықтар (әсіресе Даниялықтар) әлемдегі ең бақытты адамдардың бірі екенін көрсетті. Бірақ, келесі кестеде көрсетілгендей, осы елдер, сондай-ақ ЭЫДҰ ішінде мемлекеттік шығыстар және салықтардың ЖІӨ-ге қатысты ең жоғары коэффициенттері бар елдер.

Жорамалдап көрсек, егер АҚШ Данияның жаппай тегін білім беру саясатын қабылдаса, бірақ өзінің салық пен ЖІӨ ара салмағын өзгеріссіз сақтаса, оның фискалдық тапшылығы ЖІӨ-нің 6%-ынан асатын еді. АҚШ-та осындай жоғары тапшылық екінші дүниежүзілік соғыс және 2008-2009 жылдардағы Ұлы құлдырау кезінде қалпына келтіруді жандандыру үшін үлкен ынталандыру пакетін жүзеге асырған кезде болды. Сондықтан, АҚШ-та тек жаппай тегін білім беру елдегі тапшылықты бұрын соңды болмаған аса жоғары деңгейге жеткізеді.

Осы салыстыру тұрғысынан қарағанда, саясат шеңбері ірі макроэкономикалық ауысусыз квадратқа өзгеруі мүмкін емес деп болжауға болады. Скандинавия елдері кішірек болғандықтан неғұрлым тиімді табыстарды жинап және қоғамдық қызметтерді басқара алады. Бірақ АҚШ бұл тиімділікке қол жеткізсе де - бұл мұндай үлкен және алуан түрлі елде қиын ерлік болар еді - Дания мен Швецияда сияқты әлеуметтік ынтымақтастық әлі де жоғары, тиімді салықтарды талап етер еді.

Скандинавия моделінің тағы бір маңызды компоненті ол еңбек нарығының икемділігі болып табылады. ЭЫДҰ-ның «Жұмыспен қамтуды қорғау заңнамасының» индексі бойынша, АҚШ 0-5 шкала бойынша 1.2 балл алды, мұнда нөл толық икемділікті көрсетеді. Сонымен қатар, Франция және Германия тиісінше 2.3 және 2.5, Италия 2.9, және Дания мен Швеция - 2.3, 2.5 балл алды. Бұл Скандинавия еңбек нарықтары континенттік Еуропадағы ең икемді болғанымен, АҚШ еңбек нарығы олардың кез келгеніне қарағанда әлдеқайда икемді, және аз қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін көрсетеді.

Мұндай кең статикалық есептеу біз АҚШ сияқты ірі елдерге Скандинавия моделін қолдануды сақтықпен жасау керектігін көрсетіп тұр. Содан кейін, модельдің азаматтардың әл-ауқатына ұзақ мерзімді әсерін бағалау үшін, бізге кем дегенде он жыл бойы неғұрлым серпінді талдау жасау қажет еді. Тек сонда ғана, біз инвестициялар және инновациялар ынталандыруға қаншалықты мықты жауап беретінін, жаппай білім берудің орта мерзімді перспективада құны қандай, немесе демографиялық құрылымдардың әр түрлі әлеуметтік саясаттарға қалай әсер ететіні сараптай аламыз.

Жалғыз экономикалық талдау оң және сол арасындағы саяси пікірсайысты реттей алмайды. Ол тек сол пікірталасты тарылтып және назарын реттеуге көмектесе алады. Екі жақтағы қатысушылар қоғамның көздеуі тиіс деп есептейтін құндылықтар мен міндеттері туралы неғұрлым айқын айтып, ынталандыруға динамикалық көрсеткіштері қалай жауап қайтаратыны туралы өз болжамдарын сандық тұрғыдан қарастыруы маңызды болып табылады. Тек сонда ғана демократия әлеуетті жолдар арасында тиімдісін таңдай алады.

Жақсы экономикалық анализ арқасында «конструктивті популистер» ашық және экономикалық саясат пен нәтижелердің сенімді болжамдарына негізделген шынайы балама дискурс арқылы қазір атақты бола бастаған «фактілерді елемейтиін, фантаст популисттермен» пікір айтыса алады. Басқаша айтқанда, экономикалық талдау, жақсы таңдау жасауды жеңілдетуі мүмкін; бірақ ол таңдауды өзі жасай алмайды.

Автор туралы: Кемал Дервиш  Түркияның бұрынғы экономика министрі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) бұрынғы жетекшісі, Brookings Institution вице-президенті. Кәрім Фода - Brookings Institution ғылыми сарапшысы.

   

Похожие материалы