Астана. 4 шілде. 7kun.kz - Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің өтуі теңге тұрақсыздығынан зардап шеккен Астанадағы коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығына да ықпал етті.
Қазақстан Сервистік және басқару компаниялары Ассоциациясының президенті Шухрат Әділов осылай дейді.
Оның айтуынша соңғы екі жылда жалдау төлемі, жылжымайтын мүлік коммерциясы сұранысында біршама құлдыраулар болды. "Кеңселік, қоймалық мүліктер туралы айтып тұрмын. Бұл теңге курсының төмендеуіне қатысты бизнес-белсенділіктің әлсіреуімен байланысты. Ал осы жылдың басынан нарық қайта жандана бастады. "ЭКСПО-2017" көрмесі басталғалы бизнес-белсенділік арта түсті. Сондықтан төлемдердің көрсеткіші де нақтыланды: кеңселік мүлікке - 5 мың теңгеден жоғары, саудалық мүлікке - 10 мыңнан жоғары", дейді Әділов.
Алайда сарапшы мамандар "ЭКСПО ықпалының" орын алуынан қауіптенеді. Көрмеден кейін бизнес-белсенділіктің қайта бәсеңдеуі мүмкін. Яғни, көрме барысында шетелдіктерге қызмет көрсетумен айналысқан, туристік компанияларда сұраныстың азаюмен құлдырау болуы ықтимал. Яғни бір жағынан ұсыныстың артуы, екіншіден сұраныстың азаюы болмақ. Және бұл да жалпы нарыққа әсер етеді. Бұдан кейін дағдарыс тууы мүмкін.