Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЭКСПО Халықаралық көрмесінің туы Астанаға жеткізілді

ЭКСПО Халықаралық көрмесінің туы Астанаға жеткізілді

Италиядағы «EXPO MILANO-2015» Халықаралық көрмесінің ресми жабылу салтанатында ЭКСПО-ның туы ресми түрде Қазақстанға табысталды. Бұл туралы Қазақстан - 2050 сайты хабарлайды.

Туды ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес пен ЭКСПО-2015 Бас Комиссары Бруно Паскуинодан «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен ЭКСПО-2017 Комиссары Рәпіл Жошыбаев қабылдап алды. Миландағы «ЭКСПО-2015» Халықаралық көрмесіне 21 миллионға тарта адам қатысты. Бұған дейін Қазақстанның ұлттық павильоны «Тақырып пен контентті үздік ашу» номинациясында үздік үштікке ілінді. ЭКСПО Халықаралық көрмесі Қазақстанда 2017 жылы өтеді. Бұл 2012 жылдың 22 қарашасында Халықаралық көрмелер бюросының 152-Бас Ассамблеясында ХКБ-ға мүше 161 мемлекеттің жасырын дауыс беруі арқылы шешілді. Астананы қолдап, 103 мемлекет дауыс берді.Шараны Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) ұйымдастырады. Көрмеге 100-ден аса мемлекет, 10 артық халықаралық беделді ұйым мен инновациялық технологиялар саласындағы көшбасшы компания қатысады деп күтілуде.

Похожие материалы