Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда ең көп сұранысқа ие автокөліктер анықталды

Қазақстанда ең көп сұранысқа ие автокөліктер анықталды

Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда Toyota, Lada және Ravon ең көп сұранысқа ие болған. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Жыл басынан бері қазақстандықтар 471,7 млн теңгеге жаңа автокөлік сатып алған. Қазавтопром есебіне қарағанда, 2017 жылдың алғашқы тоқсанында 18 мың 858 жеңіл көлік сатылған. Оның 12 мың 799-ы, яғни 67,9 пайызы импорттың үлесінде. Ал 32 пайызы немесе 6 мың 59 көлік отандық өндірістен шыққандар. Рейтинг бойынша, сұранысқа ие авто әлі де Toyota концернінің еншісінде.

Соңғы 6 айда Қазақстан аумағында 3 мың 949 Toyota сатылыпды. Одан кейін Lada, 3 мың 398. Үшінші орында – Ravon. Биыл оған сұраныс 1 мың 293 көлікті құраған.

Одан кейін Renault, KIA, Hyundai, UAZ, Nissan, Chevrolet және Volkswagen тұр. Ал жаңа көлік сатып алу бойынша, аймақтардан Алматы мен Астана көш бастап тұр. Одан кейінгі реттілік: Атырау, Шымкент, Қарағанды Қостанай, Орал, Өскемен, Ақтөбе және Ақтау. Сатылым 2016 жылмен салыстырғанда 11,8 пайызға төмен.

Дереккөз: abctv.kz

Похожие материалы