Алматы. 25 қазан. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында инфляция 3,3% болды, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен төмен. Қыркүйектегі жылдық инфляция өткен жылдың соңындағы 7,1%-бен салыстырғанда 6,1%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламентінің Сенатында баяндама жасаған кезде айтып берді.
«Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалауы бойынша, 2018 жылы инфляция 5-7% нысаналы дәлізде қалады, ал 2019 жылы ол 4-6% болатын жаңа барынша төмен нысаналы дәліздің жоғары шегінің жанында қалыптасуы керек», - деді Д. Ақышев.
Ол болашақ инфляцияның өсуіне жол бермеу үшін Қазақстан Ұлттық Банкі 15 қазанда базалық мөлшерлемені 9%-дан 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі теңгемен активтерге сұранысты арттырады және қолайлы ақша-кредит жағдайларын сақтауға мүмкіндік береді.