Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елімізде көлікке арналған "vip-нөмірлер" қымбаттайды

Елімізде көлікке арналған "vip-нөмірлер" қымбаттайды

ҚР Ішкі істер министрлігі   жоғары сұраныстағы көлік нөмірлерін тағы да қымбаттатуды ұсынды деп жазады Motor.kz.

Осындай ұсыныс енгізілген заң жобасы Парламент мәжілісінің қарауына да жөнелтіліпті. Соңғы 9 айда автокөлікке арналған 6635 "vip-нөмір" сатылып, бюджетке 2,2 миллиард теңге табыс түскен. Сатылым бойынша Алматы мен Астана қалалары көш бастап тұр. Алматыда 715 млн. 748 мың теңгелік 2098 нөмірлер жиынтығы сатылса, Астанада 513 млн. 98 мың теңге болатын 1455 нөмір сатылған. Еске сала кетейік, қазіргі таңда 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 сандары таңбаланған көлік нөмірлері 271 534 теңгеден, ал, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 таңбалы нөмірлер 451896 теңгеден сатылады.

Похожие материалы