Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда қытайлық компаниялардың саны артып келеді.
Статистика комитеттің мәліметі бойынша, Қазақстанда 2018 жылдың 1 шілдесінде Қытайға тиесілі 846 компания жұмыс істейді. Сонымен бірге, 2017 жылдың 1 шілдесінде олардың саны 706 бірлікті құрады. Осылайша, елдегі қытайлық компаниялардың саны 20%-ға артты.
Қазақстан-қытай бірлескен кәсіпорындарға келер болсақ, олардың саны артып келеді. Мәселен, 2018 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда 422 бірлескен компания бар. Бір жыл бұрын олардың саны 353-ке жетті. Жылдық өсуі 19,5%-ды құрады.
Қытайдан Қазақстанға тікелей инвестициялар да өсіп келеді. 2018 жылдың бірінші тоқсанында Қытай Қазақстан экономикасына 439 млн доллар инвестиция салды.
Сонымен қатар, 2017 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 344,7 млн долларды құрады. Осылайша Қытайдан Қазақстанға тікелей инвестициялардың ағыны 27,4% -ға өсті.