Қазақстандағы жүк айналымы 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында өткен жылмен салыстырғанда 15,5%-ға өсіп, 78,472 млрд тонна-шақырымды (т/шқ) құрады деп хабарлайды экономика министрлігі.
Республикадағы темір жол транспортындағы жүк айналымы қорытынды есепте 35,937 млрд т/шқ ( 27,1%-ға артық), автотранспорт - 22,575 млрд т/шқ (1,8%-ға артық), теңіз транспорты - 3,672 млрд т/шқ (12,9%-ға аз), әуе-6,1 млн т/шқ (27,5%-ға аз) деген шаманы көрсетті.
Құбырлардың жүк айналымы өткен жылмен салыстырғанда 14,7%-ға көбейіп, 19,586 млрд т/шқ-ны құрады, ал қаңтар-ақпан айларындағы жолаушылар тасымалы 2,9%-ға өскен.