
Эмбарго (исп. embargo) - тәркіге салу, тыйым салу; лат. imbarricare сөзінен шыққан - бөгет жасау, кедергі келтіру.
- мемлекеттің елге басқа елдерден алтын немесе шетел валютасының, тауардың жеке түрлерінің - қарудың, заманауи технологиялардың және т.б. әкелінуіне немесе елден әкетілуіне тыйым салуы;
- мемлекеттік биліктің өз елінің портына басқа елдерге тиесілі кемелердің кіруіне немесе өз порттарынан басқа елдерге тиесілі кемелердің шығуына тыйым салуы;
- БҰҰ Жарғысын бұзғаны немесе басқа лайықсыз әрекеттерді жасағаны үшін осы елге қатысты репресивтік шара ретінде БҰҰ немесе өзге мемлекетаралық бірлестіктің шешімі бойынша белгілі бір елдермен сауданың жартылай немесе толықтай тоқтатылуы.