Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Енді мемлекеттік қызметті SMS арқылы пайдалана аласыз

Енді мемлекеттік қызметті SMS арқылы пайдалана аласыз

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - 1 шілдеден бастап электрондық үкіметте 20 қызметті цифрлық қолтаңбасыз алуға болады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын жеңілдету мақсатында жүзеге асады. 20 қызметтің 15-і бір реттік құпиясөзді пайдалану арқылы қолжетімді. Ал қалған 5 қызметті пайдалану үшін порталға тіркелеіз.

Бір реттік құпиясөз арқылы қолжетімді қызметтерді мемлекеттік органдар іріктеді. Олар: мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтама, жылжымайтын мүлікті тіркеу және құқықтың аяқталуы туралы жеке тұлғаларға анықтама беру, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар мен тыйымдар және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің техникалық құжатын алу, азаматтық хал актілерін қайта алу және тіркеу қызметтері.

Бұл қызметтерді қолдану үшін мобильді қосымша арқылы сұрау саласыз. Содан кейін ұялы телефоныңызға смс-хабарлама арқылы бір реттік құпиясөз келеді. Кодты eGov.kz порталына енгізесіз. Осы кезде пайдаланушының нөмірі мобильдік азаматтар базасында тексеріледі. Оның базадағы нөмірмен сәйкестігі расталса, сұрау салған қызметке бірден жауап беріледі.

Мобильдік азаматтар базасына тіркелу үшін порталда «Жеке кабинетке» кіріп, «телефон» деген бағанда ұялы телефонның нөмірін көрсету қажет. Бұдан бөлек, ЖСН-ға телефон нөмірін тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-кеңселеріне баруға болады.

Ал дәрігерді үйге шақыру, дәрігердің қабылдауына жазылу, медициналық ұйымға тіркеуге тұру сияқты қызметтерді электронды цифрлық қолтаңбасыз пайдалануға болады. Бұл жерде медициналық ұйымға тіркелгендер ғана үйге дәрігерді шақыра алатынын ескеру қажет. Сонымен қатар, әскери қызметін өткеруді растау туралы анықтама мен жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-гі апатты жоюшыларға) анықтама беру қызметтері қолжетімді болады.

«Мемлекеттік қызметтерді жеңілдету жұмыстары проактивті мемлекетті дамытуға бағытталған. Яғни, азаматтардың қатысуынсыз берілетін қызметтер саны үнемі көбейетін болады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бір реттік құпиясөз арқылы берілетін алғашқы қызмет биылғы жылдың сәуір айында іске қосылған. Ол арқылы сотталмағаныңыз немесе сотталғаныңыз туралы анықтама ала аласыз.

Похожие материалы