Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен құралған жинақтарды қандай жағдайда алуға болады?

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен құралған жинақтарды қандай жағдайда алуға болады?

ЕЗЖ есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғалар:

1) 50 жасқа толғандар;

2) мүгедектер;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған кету ниетін немесе дерегін растайтын құжаттарды өткізген, ҚР аумағынан тысқары тұрғылықты тұруға кететін немесе кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Похожие материалы