Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ерлан Каналимов елорда әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Каналимов елорда әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімімен елорда әкімінің орынбасары қызметіне Ерлан Каналимов тағайындалды, - деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Каналимов Ерлан Ермекұлы 1982 жылдың 22 тамызында Целиноград қаласында туған. Білімі жоғары, 2003 жылы Астана қаласының Басқару институтын «экономист» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған болатын.

Еңбек жолын Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімінің бас маманы ретінде бастады.

2005 жылы Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2005-2006 жылдар аралығында Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімінің басшысы болды.

2006-2007 жылдары – Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі.

2007-2009 жылдары – Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру –инспекторлық бөлімінің меңгерушісі.

2009-2013 жылдар аралығында – Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2013-2015 жылдар аралығында – «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» КММ директоры.

2015-2018 жылдар аралығында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылдың 20 наурызынан бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарды.

Похожие материалы