Экономика
Ертең Елбасы Түркия Премьер-Министрімен кездеседі
Ертең, 6 ақпанда Елбасы Н.Назарбаев Түркия Премьер-Министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездеседі. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесуде сауда-экономика, транзит-көлік және энергетика салаларындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту жолдары талқыланады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, тараптар күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер мен өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың аспектілерін қарастырады.