Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нашақорлық туралы материалдарды қалай жазу керек?

Нашақорлық туралы материалдарды қалай жазу керек?

Күнделікті ақпарат тасқынында есірткі, нашақорлыққа қатысты жаңалықтардың жиі орын алатыны да жасырын емес. Мәлімет бар да оны дұрыс форматта жеткізе білу қажет. Назарларыңызға есірткіге қатысты материал жазғанда журналистің нені ескеруі қажет деген кеңестер ұсынамыз. 

Мамандардың сөзінше, өкінішке орай қазір БАҚ-та есірткіге қатысты "үгіт-насихат", әсіресе "жасырын үгіт-насихат" деген ұғымның нақты анықтамасы жоқ. Осы тақырыпта жазатын журналистерга арналған БҰҰ-ның Ескертпесі ғана бар. Олардың саны алтау:

  • Есірткі заттарына қатысты нақты емес адастыратын терминология пайдаланып, "күшті" және "әлсіз" деп бөлуге болмайды. Олардың барлығы бірдей зиянды және БҰҰ Конвенциясымен тыйым салынған.
  • Қоғамда жетістікке жеткен, табысты адамдардың есірткі пайдаланғаны туралы хабарлауда дұрыс емес.
  • Музыкалық шығармада, кинофильмдерде және басқа да коммерциялық өнімдерде есірткі пайдалы өнім ретінде сипатталмауы керек.
  • Есірткіні заңсыз сатудан түсетін табысты, қомақты қаржыны жазу арқылы ол бизнес көзі ретінде сипатталуы мүмкін. Адамдардың назарын аудару үшін де мұндай әдістерді қолданбаған жөн.
  • Тәркіленген есірткілердің көшедегі құны туралы ақпарат таратуға болмайды.
  • Медициналық емес есірткіні тұтынуды заңдастыруды қолдайтын материалдар жазылмауы керек.

Дегенмен батыстық журналистер бұл ескертпелерді сөз бостандығын шектеу деп есептейді. Шетелдік басылымдарда американдық рэпер Сноуп Доугтың есірткіні белсенді түрде пайдаланатындығы әрі оны заңды бизнес көзіне айналдырған "кәсіпкер" екендігі туралы материалдар жиі жарық көреді.

Еліміздегі БАҚ туралы Заңның 2-бабына сәйкес есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттауға жол берiлмейдi. Өзге журналистерге арналған қандай-да бір нақты нұсқаулықтарды таппадық. Есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің хабарлауынша, нашақорлыққа қатысты материалдармен жұмыс істегенде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 423 бабына сүйенеді.

423-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау

1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 АЕК көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Қазақстан Республикасында бақылануы тиіс есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгізілген есiрткi мен психотроптық заттарды немесе құрамында есiрткi мен психотроптық заттар бар дәрiлiк препараттардың үлгiлерiн медицина және фармацевтика жұмыскерлерiне арналған мамандандырылмаған баспасөз басылымдарында жарнамалағаны үшін лицензиясынан айырылады. Басқа жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 700 АЕК көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Ақсәуле ӘБІТАЙ "7"

Похожие материалы