Экономика
ЕурАзЭҚ елдерінде тауар бағасы қымбаттап жатыр
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі тауар және қызмет көрсету құны 2015 жылы қыркүйек айында 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 14%-ға қымбаттаған. Бұл туралы Еуразия экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлайды.
2014 жылғы бұл көрсеткіш 2013 жылғымен салыстырғанда 8,5%-ды құраған еді. Осылайша, бір жылдағы ЕурАзЭҚ-тағы инфляция 1,6 есеге көтерілген.
Қазақстан одақағы ең төменгі инфляция көрсеткендердің бірі болды -4,4%. Бұдан төмегі инфляцияны тек Армения көрсетті (3,3%). Қазақстандағы ең жоғарғы қарқынмен қымбаттап келе жатқан ақылы қызмет көрсету (5%) және азық-түлік тауарлары (3,8%).
Ресейде тұтыну қызметтерін көрсету 2015 жылдың қыркүйегінде 15,7%-ға өскен. Бұл 2014 жылдағы көрсеткіштен (8%) екі есеге көп. Азақ-түлік бағалары да 17,7 %-ға қымбаттаған.
Осы жылғы Беларусиядағы инфляция 12%-ды құраса, Қырғызстанда 6,4% болды.