Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуразиялық банк EU Bank-пен бірігуін аяқтады

Еуразиялық банк EU Bank-пен бірігуін аяқтады

Еуразиялық банк ҚР Ұлттық банкінен рұқсат ала отырып EU Bank-пен (бұрынғы БанкПозитив Қазақстан) бірігуін аяқтады және табыстау актісіне қол қойды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Банк Позитив Қазақстан капиталындағы 100% үлесті сатып алу туралы келісімге Еуразиялық банк пен түркиялық BankPozitif 2015 жылдың 20 қазанында қол қойған. Банктерді біріктіру барысында екі қаржы орталығынан 50 жуық қызметкер жұмыс істеді. Интеграция процесі 2,5 айға созылды.

"Қысқа мерзімде ІТ жүйе, баланс мәліметтері, қызмет көрсету және 15 мыңға жуық клиент есешоттарын заңды әрі техникалық миграциялау бойынша толық интеграция жүзеге асырылды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, Еуразиялық банк актив көлемі бойынша қазақстандық 35 банк арасында 9-шы, ал EU Bank 32 орынға ие.

Похожие материалы