Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«ЕуроХим» МХК» АҚ Кейстер чемпионатына қазақстандық студенттер қатысады

«ЕуроХим» МХК» АҚ Кейстер чемпионатына қазақстандық студенттер қатысады

Алматы. 27 қараша. 7kun.kz - «ЕуроХим» МХК» АҚ Кейстер чемпионаты төртінші маусымының іріктеу кезеңіне Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің (ҚазҰТУ) және Мұхаммед Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің (ТарМУ) студенттері қатысады, деп хабарлайды компания бапасөз қызметі.

Чемпионатты өткізудегі мақсат - білікті әрі келешегі мол жас мамандарды іріктеу. Чемпионат жеңімпаздары мен қатысушыларына ЕуроХим компаниясында тәжірибеден және тағылымдамадан өту жөнінде эксклюзивті ұсыныс жасалады, сондай-ақ, олар компанияның жыл сайынғы жас мамандар слетіне қатысуға мүмкіндік алады.

Биыл чемпионатқа Ресейдің 10 университетінен және Қазақстанның 2 университетінен 500-ден аса студент қатысады. Іріктеуді ұйымдастыруға 120 сарапшы тартылып отыр. Чемпионат «Тау-кен ісі» және «Минералды тыңайтқыштар» сынды 2 лигада өтеді. Инженерлік кейстер бұл салалық компаниялар мен мемлекеттік мекемелердегі өндірістік жағдайларға негізделген тәжірибелік тапсырмалар мен мәселелерден тұрады. Байқауға қатысушылар осындай инженерлік кейстерді шешу арқылы нақты өндірістік мәселелерді шешу, таныстырылымдар мен баспасөз мәжілістерін жүргізу, сондай-ақ, командада жұмыс істеу, ақпаратты жалпылап, шешім қабылдау бойынша дағдыларды меңгеретін болады.

15 қарашада ҚазҰТУ-да «ЕуроХим» Минералды-химиялық компаниясы» АҚ кейстері аясында «Тау-кен ісі» Лигасының іріктеу туры өтті. Жарысқа "Alatau", "SatbaevTeam", "EliteMiners", "MiningEngineering", "Шахтеры", "SatbayevTau-Ken" сынды 6 команда қатысты. Чемпионаттың осы турында «Шахтеры» командасының жобасы ең үздік деп танылды.

Ал 24 қарашадаі ТарМУ-да Кейстер чемпионатының іріктеу кезеңі өтті. «Минералды тыңайтқыштар» лигасының ақтық кезеңіне қатысу үшін 6 команда жарысқа түсті. Тайталас күрес нәтижесінде «Технолог» командасы ең мықты болып танылды, «Мы – будущее» командасы 2-орынды, ал 3-орынды «Союз» командасы иеленді.

«ЕуроХим» МХК» АҚ Кейстер чемпионатының ақтық кезеңі 2018 жылдың ақпанында Мәскеуде өтеді.

Чемпионат жеңімпаздары «ЕуроХим» МХК-да тәжірибеден өтуге және жыл сайын Сочиде өтетін ЕуроХим жас мамандар слетіне қатысуға мүмкіндік алып, сан алуан бағалы жүлделерге ие болады.

Похожие материалы