Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуропаға қандай қауіп төніп тұр?

Еуропаға қандай қауіп төніп тұр?

Жұма күні бүкіл әлем Францияға көз тікті. Бір уақытта Париждің бірнеше жерінде жарылыстар болып, 130-ға жуық адам құрбан болды. Елде төтенше жағдай жарияланып, шекара жабылды. Франция қайғылы жағдайдан әлі есін жиып үлгерген жоқ, бірақ өзге де еуропалық елдерде дәл осындай сценарий қайталануы мүмкін екендігі айтылуда. Шетелдік басылымдар "Еуропаға қандай қауіп төніп тұр?" деген сұраққа жауап беруге тырысады.

WSJ жазуынша, теракті  Париждің сириялық қақтығысқа араласқаны үшін исламшылардың кегі деп қабылдау қажет. Ал NYT-ге сұхбат берген куәгерлердің бірінің сөзінше, Батаклан концерттік залына шабуыл жасаушы "Қазір сендер Сирияда жасағандарың үшін жауап бересіңдер" деп айғайлаған.

Le Figaro басылымы Франциядағы теракті туралы жаза отырып, қазір Таяу Шығыста исламшылдар жағында жүрген еуропалықтар арасында француздықтардың да көп екендігін атап өтеді. Қазір Ислам мемлекеті (ИМ) үшін Францияның 570 азаматы соғысып жүр.

Осыған дейін арнайы қызмет, әскерилер мен қауіпсіздік жөнінде сарапшылар франциялық билікке үлкен қауіп бар екендігін ескерткен. "ИМ еуропалық азаматтарды өз елдерінде теракт жасау үшін пайдаланып жүр деп айтуға негіз бар. Жиһадшылардың өз елдеріне қайта оралуы террорлық операциялардың бастамасы",- деп мәлімдеген еді террорлық әрекетті бақылау бойынша комитет .

[caption id="attachment_27147" align="alignnone" width="800"]754474671910603 Фото: Reuters[/caption]

Франциядағы жағдайға көрші корольдік аса қатты алаңдаушылық білдіруде. Британия мен Франция арасынан тек Па-де-Кале бұғазы ғана бөліп тұр. Мигранттар бейнесімен шекараны еркін кесіп өте алатын террористер үшін бұл кедергі емес.

Ұлыбританиядағы The Guardian басылымының жазуынша, кәрі Еуропаның мәдени бесігі Франция радикалды исламшылардарға толы. Олардың мәліметінше, Таяу Шығысқа жиһадқа кеткен 3 000  еуропалықтың 1430-ы француздар. Францияның өзінде де шамамен осынша жиһадшылар бар. Олар арнайы қызметтің бақылауында болғанымен, ИМ және басқа да исламдық топтармен байланыс жасап үлгереді. Франция түрмелерінде қазір 150 радикалшылдар отыр. 200-ге жуық исламшылдар әскери тәжірибе жинап, Францияға қайта оралды. Бірақ әзірге оларды іздестіру мүмкін емес.

Париждегі қайғылы жағдайдың салдарын жіті бақылап отырушы елдің бірі - Германия. Таяу Шығыстан келетін мигранттардың "екінші үйіне" арналған елдегі қауіпсіздік қызметкерлері бірнеше ай бойы жоғары дайындық жағдайында. Босқындар арасында террористер болуы мүмкін деген қауіпті хабарлама бар.

Ірі немістік басылым Die Welt-тің жазуынша, исламшылдар интернетте, әлеуметтік желілерде Еуропада теракт ұйымдастыратындығын айтып, белсенді насихат жүргізуде. Және олардың барлығын бос сөз деп қарауға болмайды.

Әзірге Германияда Париждегідей масштабтағы ірі террорлық актілер болған емес. Газеттің жазуынша, бұл болашаққа да ешқандай кепілдік бермейді. Арнайы қызмет пен полицияда "дауыл алдындағы тыныштық" орнаған. Әр апта сайын болуы мүмкін деген терактілер туралы хабарламалар келіп түсуде. Тәртіп сақшылары Сириядан келген бұрынғы жауынгерлерді ұшақтан түсіріп, әуежай бақылауынан өтіп кеткендерді ұстау үшін түрлі операциялар өткізуде. Елдің арнайы қызметінің мәліметінше, жиһадқа 780  адам кеткен. Олардың көпшілігі соғыс тәжірибемен қайта оралды, бірақ барлығын тұтқындауға мүмкіндік жоқ. Германияның қауіпсіздік қызметі 420 радикалды исламшылардың тізімін жасаған, бірақ мұның өзі толық емес. 2014 жылдың қыркүйегінде полиция Кссел елдімекенінде ИМ-нің адамы болуы мүмкін деген наша сатушыны тұтқындады. Кейінірек анықталғандай, ол бір ай бұрын ешбір кедергісіз Сириядан қайта оралған.

Елдің құзырлы органдары барлық террористерді тұтқындау үшін арнайы қызмет пен полиция еш демалыссыз жұмыс істеуі қажет дегенді айтады. Заңды базада кемшіліктер бар, қандай мақсатты басымдылыққа қою керектігі де белгісіз. Тіпті құзырлы органдармен салыстырғанда исламшылардар алда келеді. Басылымның жазуынша, Германияның ИМ үшін алдын-ала жоспарланған обьект екендігін даусыз.

Фото: AFP

Похожие материалы