Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуропалық мәміле жасау өнері

Еуропалық мәміле жасау өнері

ПРИНСТОН – 2008 жылғы қаржылық дағдарыстан кейін, міне, он жылға жуық уақыт өтті, бірақ одан туған текетірес саясат Батыста әлі де орын алуда. Алайда, Америка Құрама Штаттары мен Еуропа Одағының арасындағы ұқсастықтарға қарамастан, жақында олардың әлеуметтік, экономикалық және фискалдық мәселелерді шешу жолдарындағы айырмашылықтар айқын көріне бастады.

Президент Дональд Трамптың күтпеген жеңісінен бастап, АҚШ даулы және тиімсіз саясат жүргізу бойынша ЕО-мен бәсекеге түскендей көрінген. Қандай жағдайда болмасын, көптеген әлеуетті ойыншылар болса, олар саяси процестерге радикалды түрде ықпал ете алады. Трамп мұны Конгрес, соттар және мемлекеттік үкіметпен жұмыс істей бастағанда үйреніп жатыр. Еуропадағы, ішкі саяси күштер үнемі конституциялық соттар мен ұлтүстілік органдармен қақтығысып жатады. Ал ЕО-ның 28 (көп ұзамай 27 болатын) мүше мемлекеттерінің бірінде өткізілетін әрбір ұлттық немесе тіпті аймақтық сайлау кезінде еуропалықтар жойқын нәтижелерді үрейлене күтіп отырады.

Осы жағдайды жақсарту үшін, Еуропалық комиссия президенті Жан-Клод Юнкер жақында алға басатын бес ықтимал жолдарды айқындайтын "ақ қағазды" шығарды, онда ешбір өзгеріс жасамаудан бастап, барлық Еуропалық интеграцияны аяқтау үшін жүйелі реформаларды жүзеге асыру тәрізді ойлар көрсетілген. АҚШ та саяси араздық пен ыдырау қаупіне тап болып отыр.

Дезинформация Атлантиканың екі жағындағы пікірталастардың басты тақырыбы болса да, дегенмен екеуінің де негізгі проблемасы «балама фактілер» немесе жалған жаңалықтар емес. Керісінше, саясаттың өзі операциялық тұрғыдан нашар болып кеткен. Егер азаматтар мен саясаткерлер саясатты нөлдік сомалы ойын ретінде санап, ақырғы шешімдерге дайын болып, жосымсыз тактиканы қолданса, онда залал салдарға тап болады.

Еуропалық және американдық дебаттарда көлгірлік пен сын өте көп, және бұл саясатты бір “қоян жүрек” ойынына айналдырған. Бұл ойында екі көліктегі жарысушы жартасқа қарай немесе бір-біріне қарай ұмтылады, ал апат алдында шыдамай, бірінші басқа жаққа қарай бұрып жіберген жүргізуші жеңілген болып саналады. Бірақ, егер біреуі бас тартпаса, онда екеуі де жойылады.

Еуропадағы елдер Еуропалық Орталық Банк немесе өзге де еуропалық үкіметтер олардың асып кеткен қарыздарына кепілдік бермесе Еуроаймақтан шығамыз деп қорқытып жатыр, ал еуропалық үкіметтер саяси реформаларды жүзеге асырмайтын елдерге қолдау көрсетпейміз деп айтуда. Бұл ойында, әрбір тарап өз іс-қимылын өте қауіпті салдары бар деп ойлап, басқа жақ жолдан бұрып, шығып кетеді деп санайды.

Трамп әкімшілігі сәтсіз болған, Қолжетімді күтім Заңының ( «Obamacare») күшін жою немесе оны ауыстыру әрекеті кезінде ұқсас жолды таңдаған. Оның әкімшілігі Еуропаның қарыз дағдарысындағы соғысушы тараптар қолданған бірдей дерлік тактикасын қолдану арқылы Конгреске қысым көрсетті.

Алғашында, әкімшілік түрлі пікір орын алатыны сөзсіз, сондықтан болашақ қақтығыс жаман болмас деп сендірді. Ақ үй баспасөз хатшысы Шон Спайсердің айтуынша, «әртүрлілік біздің халқымызды мықты етеді». 2010 жылы еуроаймақтағы дағдарыстың басында ЕО да өзіндегі әртүрлілік туралы алаңдады, және солтүстік пен оңтүстік, орталық және шеткі аймақтар арасындағы айырмашылықтарды қалай реттеу туралы да толғаныс болды.

Obamacare күшін жоюмен айналысқанда Трамп кез келген баламадан бас тартты: соңында, денсаулық сақтау «дебаты» ешкімнің көңілінен шықпаған айқынсыз заң жобасы мен статус-квоны қолдау арасындағы екілік таңдауға келді. “Б жоспарын” ұсынғысы келмеген Трамптың көзқарасы еуроаймақтағы дағдарыс жылы неміс позициясына ешқандай баламаға рұқсат бермеген Германия канцлері Ангела Меркельдің тактикасына ұқсайды.

Сонымен қатар, Трампта міндетті түрде ұтамын деген және Obamacare ауыстыру заң жобасы қабылданады деген берік сенім болды,. Wir schaffen das («Біз оны істей аламыз») деген Сирия босқындарын қабыладауға бағытталған саясатын қорғау туралы Меркелдің атақты мантрасы «Біз осыған жетуді көздеп отырмыз» деген Спайсер сөзімен үндеседі.

Бірақ бұл риторикалық ұқсастықтардан тыс, Еуропалық басшылардың саясат жүргізу тәсілі Трамп әкімшілігінен өте ерекшеленеді. Және қаржы дағдарысынан бері Еуропаның ұзақ күресі кезінде, ол Ұлыбританияның Брексит референдумын қоспағанда, басқа да залал апаттардан аман қалғаны көп нәрсені білдіреді.

Еуропадағы қақтығыстар әрқашан қандай да болсын ымыраға келумен шешіледі. Сыншылар жиі тым ұзақ және шаршататын іс ретінде ЕО ішкі келіссөз процесін карикатураға салады, бірақ, ол процесстер сөзсіз оң нәтиже көрсетіп келе жатыр. Энергия саясатын үйлестіруді жақсартқан, немесе банк одағын құруға көмектескен реформалар олар басында көрінгеннен әлдеқайда сенімді болып шықты. Еуропалық стильдегі көпжақты тәсілдер қолданыстағы шараларды үнемі баптауға байланысты және олар біржақты Трамп стиліне мүлдем қарама-қарсы тәсілдер.

Конституциялық үкімет келіссөздер және реттеу процесіне негізделген. Британ империясының асқын қысымын көрген Американың негізін қалаушылар тәжірибесінен пайда болған АҚШ-тың Конституциясының негізінде, көп адамдардың ымыраға келу арқылы, бір адамға қарағанда даналығы мол болады деген сенім бар. Трамптың ерте ме, кеш пе консенсустың өзі құрылыс мәні бойынша көңіл қалдырарлық болып табылатынын, және саяси келіссөздер арқылы өндірілген шешімдер әдетте анық та қарапайым болмайтынын үйренуі керек болады.

Еуропа, өз тарапынан, мұны 1950 жылдары ұғынып алған, ол кезде интеграцияға жету үшін ұлттық үкіметтердің бірқатар маңызды өрістерде саяси автономиясын сақтауды қамтамасыз ететін келісімдер керек екені айқын болды. Еуропада қалған барлықтарын басымдықтарына даусыз көндіретін көшбасшы жоқ. Бірақ, Трампқа қарағанда, еуропалық көшбасшылар бүгін ымыраға келу қажеттілігі сөзсіз керек екенін түсініп, шынайы “Біз оны істей аламыз” деп, кепілдік бере алады.

2017 жылы, Еуропа тағы екі маңызды сабақ алады. Біріншіден, ЕО мүшелігінен бір мемлекеттің шығуы деструктивті “қоян жүрек” ойнына айналмауы керек, әсіресе елдің кетуі шиеленісті азайтып, болашақ келіссөздер үшін негізді қалайтын болса. Ал, екіншіден, Трамптың нашар жұмыс жасайтын әкімшілігі елді басқарудың анти-үлгісі болып табылады, және сайлаушылар оған еліктегендерді, мысалы Франция Ұлттық майдан көшбасшысы Марин Ле Пен сияқтыларды қатты жазалауы мүмкін.

Автор туралы: Гарольд Джеймс Принстон - университетінде тарих және халықаралық қатынастар профессоры және халықаралық басқару инновациялар орталығының аға ғылыми қызметкері болып табылады.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org

Похожие материалы