
Ресейліктерге 50 мың еуродан асатын автомобильдер, әуе және жүзу көліктерін сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Президент Путин украин халқына қарсы соғысын үдете түссе, біз де Украинаны қолдап, Кремльдің әскери машинасын қаржыландыруды одан әрі шектейміз. Санкциялардың бұл пакеті Ресейдің экономикалық және материалдық-техникалық базасына ауыр соққы болып тиеді. Шектеулердің мақсаты – президент Путиннің адамгершілікке қарсы және ешқандай мағынасы жоқ соғысын тоқтату", – деді ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель.
Bloomberg мәліметінше, Ресейге 300 еуродан асатын сәнді тауарларды сатуға тыйым салынады. Бұл тізімге зергерлік бұйымдар, киім, аксессуарлар, сигаралар, шампан, уылдырық, трюфельдер кіреді. Сонымен қатар ресейліктерге 50 мың еуродан асатын автомобильдер, әуе және жүзу көліктерін сатуға тыйым салынады.