
Алматы. 17 шілде. 7kun.kz — Еуропалық парламент Германияның қорғаныс министрі Урсулу фон дер Ляйенді Еуропалық комиссияның басшысы қызметіне бекітті.
733 парламентшінің ішінен фон дер Ляйен кандидатурасын 383-і қолдады, 327 дауыс берді және 22-сі қалыс қалды. Осылайша, ол қажетті минимум 374 дауысты жинады.
Бұған дейін Deutsche Welle Урсула фон дер Ляйен Германияның қорғаныс министрі қызметінен кететінін хабарлады. Ол Еңбек және қоғамдық істер министрі, сондай-ақ отбасы, зейнеткерлер, әйелдер мен жастар істері жөніндегі министрі қызметтерін атқарды.
Еурокомиссияның қазіргі президенті Жан-Клод Юнкердің өкілеттігі 2019 жылдың қазан айының соңында аяқталады. Урсула фон дер Ляйен қызметіне ағымдағы жылдың қарашасынан бастап кіріседі. Осылайша, ол осы лауазымға ие болған алғашқы әйел болады.