Экономика
Евгений Примаков қайтыс болды
Бүгін Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Евгений Примаков қайтыс болды.
Е.Примаков 85 жасына қарағанда, ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды.
Е.Примаков - дипломатиялық, мемлекеттік және саяси қайраткер. 1996-1998 жылдар аралығында Ресейдің сыртқы істер министрі болған, ал 1998-1999 жылдары премьер-миниср қызметін атқарған.
Е.Примаков шығыстанумен айналысып, араб елдерін зерттеумен айналысқан. Ол 1997 және 1985 жылдар аралығында КСРО Шығыстану институтын басқарды.
1991-1996 жылдары Е.Примаков Сыртқы барлау қызметіне басшылық еткен, содан соң сыртқы істер министрі лауазымына ие болды.
2000-2001 жылдары Е.Примаков "Отечество - Вся Россия" парламенттік фракциясына жектешілік еткен. 2001 және 2011 жылдар аралығында Е.Примаков Ресейдің Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы болған.