Экономика
Facebook-ке $1,6 млрд айыппұл салынбақ
2 қазан. Алматы. 7kun.kz - Facebook компаниясының қателігінен 50 млн пайдаланушының деректеріне қәуіп төнді. Салдарынан компанияға $1,62 млрд айыппұл салынуы мүмкін.
Айта кетейік, компания оқиға туралы хакерлік шабуылдан кейін үш күн өткен соң ғана хабарлады. Сонымен қатар шабуылға ұшыраған Ұлыбританиялық пайдаланушылардың санын Facebook өкілдері анықтай алмады.
Жұма күні «ақ» деген лақап атпен белгілі Тайваньдық хакер Facebook-тің басшысы Марк Цукербергтің парақшасын бұзып, сол ісін трансляцияға шығаруға уәде берді. Бірақ кейінірек әлеуметтік желі қәуіпсіздік саңылауын жауып тастады деп жоспарынан бас тартты. Сонымен қатар Facebook 90 млн пайдаланушының жаңадан қосылатының мәлімдеді. Компанияның айтуы бойынша мұндай шара веб-сайтта анықталған күрделі осалдық себебінен ұйымдастырылып отыр. Осындай қателік кезінде шабуылдаушылар басқа адамдардың профильдерін иемденіп алуы мүмкін екен.
Қателік Facebook қызметін пайдаланушыларға өздерінің профайлдарының қалай көрінетіндігін қарауға мүмкіндік беретін View As («Көру») функциясынан табылды. Шабуыл барысында хакерлердің деректерге қол жеткізе алғандығы анықталмады.
Ресми мәлімдемеде хакерлер мұндай жолмен «қолжетімділік таңабаларын» пайдалануға мүмкіндік алып, сол арқылы акаунттарды иемденіп отырған. Қолжетімділік таңабалары – қолданушылардың әр пайдаланған кезінде Facebook желісіне құпия сөзді еңгізбей-ақ кәруіне мүмкіндік беретін сандық кілттердің эквиваленті делінген.
Қауіпсіздік мақсатымен компания осалдық берген 50 млн шотты жауып тастады. Алдағы уақытта әлеуметтік желі мамандары «Көру» функциясын осы жылы пайдаланған 40 млн аккаунттың жұмысын тоқтатапақ. Нәтижесінде 90 млн әлеуметтік желі пайдаланушысы Facebook-ке қайта тіркеледі.