Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Facebook YouTube пен Disney-дің потенциалды бәсекелесін таныстырды

Facebook YouTube пен Disney-дің потенциалды бәсекелесін таныстырды

Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz - Facebook компаниясы YouTube пен Disney-ге потенциалды бәсекелес бола алатын Watch видеоплатформасын таныстырды. Бұл туралы ИНТЕРФАКС хабарлады.

Facebook видеоға арналған Facebook Watch бағдарламасының жаңартылған нұсқасын ұсынды. Ол ол жаңалықтар лентасынан бөлек, жеке терезе болып ашылады, сол арқылы қолданушылардың видеороликтерге кіруін жеңілдетеді.

Одан бөлек, Facebook әлемнің жетекші спорттық ұйымдарының контентіне жазылуды ұсынады. Компания оны өз қаражатына сатып алған. TechCrunch-тің мәліметінше, Жаңа функция әзірге АҚШ-та шектеулі адамдардың ғана қолданысында. Уақыт өте келе бүкіл әлемдік деңгейге шығарылады.

"Видеоны тамашалаудың пассивті болуы міндетті емес", - деп жазды желінің негізін қалаушы Марк Цукерберг өз блогында.

Сарапшылардың  пікірінше,  Facebook YouTube видеохостингімен және Disney корпорациясымен бәсекеге түспек.

BBC мәліметінше, Facebook-тегі видеоға арналған жеке лента Америкада 2016 жылы іске қосылды. Бірақ әлі күнге дейін онда тек шағын әуесқой видеолар немесе қысқа жаңалық роликтері жүктелген. Кейбір видеобағдарламалардың ұзақтығы - 10 минутқа дейін созылады.

Похожие материалы