Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Филиппиндегі казиноға жасалған шабуылдан 36 адам қаза тапты

Филиппиндегі казиноға жасалған шабуылдан 36 адам қаза тапты

Манила. 2 маусым. 7kun.kz - Манила қонақүйлерінің біріндегі казиноны тонамақ болған бұзақы, сәтсіз әрекетінен кейін ойын үстелдеріне от қойып кеткен. Нәтижесінде 36 адам қаза болды, деп хабарлады Reuters.

Жалындаған өрт қонақүйдің біраз аумағын шарпыған. Бұдан бұрын тек екі адам қайтыс болып, 50 адам жарақаттанды деп хабарлаған болатын. Өрт сөндірушілер қаза болғандардың бәрі түтінге тұншығып қалғандығын айтады.

Тәртіп сақшылары қонақүйді дереу қоршауға алған. Алайда 2,5 миллион долларды  қалтасына баспақ болған ұры ізінше өз-өзіне қол жұмсаған.

Ал Филиппин президенті Родриго Датерттің баспасөз хатшысы Эрнесто Абелла Resorts World Manila ойын-сауық орталығына жасалған шабуылдың елдің оңтүстігіндегі әскерилер мен исламшылар арасындағы ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Ол бұған ешқандай дәлел жоқ дейді.

"Тонаушы алдын ала ескерту ретінде оқ атқан. Демек, ол ешкімді жарақаттап алмауға тырысқан", - деді ол.

Похожие материалы