Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Финляндия НАТО-ға кіруден бас тартты

Финляндия НАТО-ға кіруден бас тартты

Ресей. 13 маусым. 7kun.kz – Финляндия Швециясыз НАТО-ға кіруден бас тартты. Бұл туралы Финляндия президенті Саули Ниинистё мәлімдеді, деп хабарлайды NRK.

«Швецияның мәселесі – біздің мәселеміз. Біз алға қарай бірге қадам басамыз», – деді Финляндия президенті.

11 маусымда Саули Ниинистё НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірлескен баспасөз конференциясын өткізді.

Альянстың бас хатшысы Култаранта қаласына барып, онда мемлекет басшылығымен Финляндияның НАТО-ға кіруін талқылады. Одан кейін Столтенберг Швецияға барып, Премьер-Министр Магдалена Андерссонмен кездесуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, мамырда Швеция мен Финляндия НАТО-ға кіруге өтініш берген болатын. Блоктың барлық елдері олардың мүшелігін бекітуі керек. Алайда, Түркия Хельсинки мен Стокгольмді Анкара “террористер” деп санайтын күрд ұйымдарын қолдады деп айыптап, альянсқа мүше болуларына қарсы болды.

Похожие материалы