Экономика
Авто
Fitch 2016 жылы доллар курсы 360-380 теңге көлемінде болады деген болжам жасады
Осы жылы теңге курсы 360-380 доллар көлемінде болуы мүмкін. Fitch Ratings-тің экономикасы дамушы еуропалық елдердің рейтингі бойынша сараптамалық тобының директоры Кармен Алтенкирх осындай пікірімен бөлісті.
"Егер қазіргі мұнай бағасы төмендейтін болса, қазақстандық валюта курсы долларға қатысты 380 теңгеге дейін әлсіреуі мүмкін. Бірақ біздің қара алтын бағасы 40 доллар көлемінде тұрақталады деген болжамымыз орындалса, долларға қатысты теңге курсы 360 болады", -деді К.Алтенкирх Алматыда өткен Fitch Ratings-тің жыл сайынғы конференциясы барысында.