Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Fly Jet. kz әуе компаниясы Қайрат Сатыбалдыға жеке ұшақ бермегенін хабарлады

Fly Jet. kz әуе компаниясы Қайрат Сатыбалдыға жеке ұшақ бермегенін хабарлады

Fly Jet. kz әуе компаниясы Қайрат Сатыбалдыға ешқашан жеке ұшақ бермегенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Fly Jet.kz-тің Қайрат Сатыбалдыға жеке ұшақ ұсынғаны туралы ақпарат таратқан еді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Fly Jet.kz - чартерлік рейстерді ұсынатын жеке авиакомпания. Әуе кемелерініің кімге тиеселі екені және олардың бағыттары туралы ақпаратты Flightradar24 қызметі арқылы тексеруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Бұл іс бойынша Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды.

Похожие материалы