Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Фоторепортаж: ҰБТ-ның үшінші күні

Фоторепортаж: ҰБТ-ның үшінші күні

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жүріп жатыр. 2 маусым күні басталған тестілеу күн сайын мыңдаған түлектің білім деңгейін анықтап, бағасын беріп жатыр. 7kun.kz 3 маусымда Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы университетте өткен ҰБТ-дан фоторепортаж ұсынады.

Бұл күні тестілеуге бірнеше мектеп оқушылары мен Сабыр Рахымов атындағы әскери-мамандандырылған мектеп курсанттары қатысты. Таңғы сегізден бастап университет алдына жиналған олар сегіз жарымда алдын-ала хабарланған аудиторияларға кіргізілді. Әр аудиторияда шамамен 120-120 қатысушы бар. Сыртта үш сағатты үш жылдай көріп ата-ана қалды.

Түске таман Шымкенттегі ауа температурасы 33 градусқа дейін көтерілді. Үлгергендер көлеңкені сая қылды. Өзге орнынан тапжылған ешкім жоқ. Барлығы іштегі аудиториядағы жағдайды көруге мүмкіндік беретін мониторлардан көз алар емес. Әркім баласын, оқушысын, інісі мен қарындасын іздейді.

Алғашқы тест тапсырушылар сағат екілер шамасында сыртқа шыға бастады. Оларды гүлмен, шармен, ду қол шапалақпен күтіп алып жатыр. Тіпті шампан да атылып үлгерді. "Бәрі жақсы болды" деген үлкендердің бір ауыз сөзі - қалаған балын алып тұрғандай баланың көңіліне медеу.

Бұл жылғы ҰБТ-ның негізгі ерекшеліктері қорытындыны Интернет арқылы білу және аттестатқа баға қоюдың өзгергендігі болды. Университет есігіне қарап, қағаз ілінуін күтіп тұрмай-ақ, төлқұжатттың арнаулы нөмірі арқылы testcenter.kz сайтына кіріп, қорытындысын бірден білуге болады. Сонымен қатар, тесттен 2 немесе 3 алған түлектің  орта білімі туралы құжатына ҰБТ-да алған бағасы емес, оқу жылы бойынша алған бағасы қойылады.

IMG_1780

IMG_1784

IMG_1801

IMG_1802

IMG_1809

IMG_1827

IMG_1840

IMG_1853

IMG_1877

IMG_1880

IMG_1902

IMG_1911

IMG_1917

IMG_1933

IMG_1964

IMG_1968

IMG_1976

IMG_1996

IMG_2006

IMG_2016

IMG_2021

IMG_2030

Дайындаған Ақсәуле Әбітай "7"

Похожие материалы