Фьючерс (лат. futurum - болашақ) — уағдаласылған сұрыптағы тауарды белгілі бір мөлшерде келісілген бағамен көрсетілген кезең бойына жеткізу жөніндегі келісімшарт. Фьючерстік шарт бойынша міндеттемелер барлық жағдайда дерлік нақты тауарды жеткізу жолымен емес, төлеу немесе бағадағы айырманы алу жолымен орындалады.