Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Гарвард ғалымдары: опенспейс адамдардың ақылын азайта түседі

Гарвард ғалымдары: опенспейс адамдардың ақылын азайта түседі

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – Опенспейстердегі жұмыс ұжымның ақыл-ойына теріс әсер етеді. Гарвард ғалымдарының зерттеуіне сүйенген Inc. журналының редакторы Джоффри Джеймс осылай деді.

Оның айтуынша, ашық түрдегі кеңселер - басқарудың ең ақымақ орны.

Бастапқыда кеңселерде ашық жоспарлаудың мақсаты ұйымдардың ұжымдық ақыл-ой еңбегінің нәтижелерін арттырудан тұрды: олар жеке қарым-қатынас үшін көбірек мүмкіндіктер туғызуы тиіс еді. Теориялық тұрғыдан бұл жерде логика бар: қызметкерлер текшелердің қабырғаларына жасырынбай, бір-бірін көре алады. Бұл идея жеке қарым-қатынасқа ықпал етіп, өз кезегінде компанияны неғұрлым жанды және инновациялық ету керек болды.

Алайда, Гарвард ғалымдары жүргізген «Ашық жұмыс кеңістігінің адамдардың өзара іс-қимылына әсері» атты мұқият зерттеуі күткен нәтижені бермеді. Зертеуге сәйкес Fortune 500 тізіміне кіретін екі компанияда опенспейс құру жеке қарым-қатынастың 70%-ға төмендеуіне себеп болды. Мұндай кеңседе қызметкерлер тірі қарым-қатынас орнына, электронды поштаны және мессенджерлерді жиі пайдалана бастады.

Сонымен қатар, ашық жоспарлау әлеуметтік әсерді арттырады, себебі әріптестер бір-бірінің не істеп отырғанын көріп отырады. Бұл ұйымның өнімділігін төмендетеді, өйткені әлеуметтік ақпараттың молдығы ұжымдық ақыл-ой еңбегінің нәтижелеріне зиянды әсер етеді.

Бір қызығы, басқа адамдардың мінез-құлқын бақылау мүмкіндігі шектеулі болған кезде өнімділік жоғары нәтижені көрсетті. Күрделі проблеманы ұжымдық шешу тұрақты әлеуметтік әсерде емес, мерзімді түрде ғана тиімді нәтижелер берді.

Белгілі болғандай, бір жерде отырған қызметкерлер әдетте, сирек қарым-қатынаста болады және электронды хаттарды жиі қолданады. Бұл әлеуметтік қысымның қалыптасуына алып келеді. Ал адамдардың өз кеңістігі көп болғанда, олар жиі жеке сөйлесіп, хаттарды аз жазды. Мұндай әрекеттер, шығармашылық үдеріске жақсы әсер етті. Себебі, барлық қызметкерлер өздерінің демалыс және шығармашылық қызмет тәртібін өз бетінше реттей алды.

Ашық жоспарлау ирониялық жағынан қызметкерлерді әріптестерін алаңдатпау үшін электронды және чаттарда жиі сөйлесуге итермелеп қана қоймайды, сондай-ақ онлайн-байланыс құралдарын пайдалану мүмкіндігін азайтады. Мысалы, видеоконференцияларды, ол - ұжымдық ақыл-ой еңбегінің өнімділігін арттыра отырып, неғұрлым тиімді ынтымақтастыққа ықпал етеді.

Басқаша айтқанда, ашық жоспарлау кеңселері өнімділікті төмендетпесе де (Гарвард ғалымдары мен басқа ондаған зерттеулер көрсеткендей) іс жүзінде олар тиімсіз.

Похожие материалы