Экономика
Экономика1
Goldman Sachs: Мұнай әлі 15 жыл көлемінде арзан болады
Goldman Sachs алдығы 15 жыл көлемінде мұнай бағасы төмен болады деп болжам жасады. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.
Осы жылдың қазан айынан немесе келесі жылдың наурыз айынан бастап, мұнай бағасы 1 баррель үшін 20$ болуы мүмкін екендігіне 50% ықтималдылық бар. Goldman Sachs-тің шикізат нарығын зерттеу басшысы Джеффри Керри осылай мәлімдеді. "Алайда банк мұнай бағасы ұзақ мерзім аралығында 1 баррель үшін 50$ болады деп болжам жасады" - деді ол.
Банк осыған дейін жаһандық мұнай көлемінің шектен тыс болуына байланысты қыркүйек айында баға 20 доллар болады деп болжам жасаған еді. Егер шикізат қоры максималды деңгейден асса ғана баға ең төменгі деңгейге жететін еді.
Темір кені, мыс және болат бағаларының төмен болуы және шикізатқа байланысты валюталары әлсірейтін мемлекеттер мұнай компанияларының құнын төмендетті. "Осы аптадағы отырыста АҚШ Федералды резерв жүйесі (ФРЖ) мөлшерлемені көтермесе олар нарықтағы белгісіздіктен құтыла алады"- деп есептейді Д.Керри.