Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google-дің жаңа өнімдері мамырда таныстырылады

Google-дің жаңа өнімдері мамырда таныстырылады

Google іздеу жүйесінің өкілдері өздерінің жанкүйерлерін тұрақтылығымен қуантып жүреді, алайда жаңа өнімдердің көпшілігі арнайы көрме кезінде таныстырылады. Әрине, әңгіме алдыңғы жылы маусым айының аяғында өткен Google I/O шарасы туралы болып отыр. Ол кезде біз Android One, Android L, Android Auto, Android TV және өзге де өнімдер туралы білгенбіз. Ал, келесі таныстырылымды ұзақ күту керек пе?!

Sundar-Pichai-talks-Chrome-at-Google-IO-2102 Әлеуметтік желілер біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды, мұны теріске шығара алмаймыз. Бұл оның көп қызметтілігіне де байланысты. Олардың көмегімен досыңа мысықтың суретін немесе оның күлкілі видеосын жіберіп қана қоймай, халыққа қуанышты жаңалықты да жеткізуге болады. Google вице-президенті Сундар Пичаи дәл осылай жасады. Өзінің Twitter-дегі аккаунтында ол келесі көрменің өтетін уақытын айтты. The Verge өкілдерінің хабарлауынша, бұл жолы I/O 28-29 мамырда өтеді. Шара дәстүрлі түрде Сан-Франциско қаласында болады. Дегенмен, бұл жерге қатысу мүмкіндігі аздау. Біріншіден,  2014 жылы компания өкілдері лоторея жүйесін іске қосты. Екіншіден, билеттер құны айтарлықтай жоғары. Өткен жолы билет бағасы 900 доллар тұрды. Соған қарамастан, барлық билеттер жарты сағатта сатылып кеткен. IO Көрмеде көрсетілетін өнімдер туралы бірдеңе айту қиын. Әйтсе де шараға қатыса алмасақ та, оның онлайн көрсетілімін Интернет арқылы бақылау мүмкіндігі бар.

Похожие материалы