Экономика
IT, Технология
Google монополияға қарсы заң бұзғаны үшін айыпты деп танылды
Федералдық монополияға қарсы қызмет (ФМҚ) америкалық Google корпорациясын "Бәсекелестікті қорғау туралы" заңды бұзғаны үшін кінәлі деп шешті. Бұл жөнінде lenta.ru хабарлайды.
"Енді Google-ді нарықтағы түскен табысының 1-ден 15%-ға дейінгі көлемінде айыппұл төлейді",- деп мәлімдеді ФМҚ-ның ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Владимир Кудрявцев. "Біз ФМҚ шешімін жіберген кезде қарастырамыз", - деп хабарлады Google баспасөз қызметі.
Антимонополды заң нормаларын бұзғандығына байланысты Google-ге қатысты шығарылған шешімді «Яндекс» оң қабылдады. "Ресей осы жағдайды (қосымша дүкендер нарығындағы өз басымдылығын артығымен пайдалану) бәсекелестікке қайшы деп таныған алғашқы ел болып табылады. Біз ФҚМ шешімі нарықта бәсекелестіктің оңтайлануына әсер етеді деп ойлаймыз",-деді компанияның баспасөз хатшысы Ася Мелкумова.
2015 жылдың 18 ақпанында «Яндекс» Федералдық монополияға қарсы қызметке (ФМҚ) арыз жазып, Android операциялық жүйесінің Google және басқа сервистерден алыстатылуын талап еткен. "Яндекстің" пікірінше, Google-дің смартфон құрастырушылармен келісім-шартында "Android-смартфонының бірінші экранындағы іздеуіш жүйесі тек Google болуы керек" деген пункт бар. Алайда американдық алпауыт өзіне қатысты айтылған барлық айыптауларды кері шегерді.