Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google қолданушылары іздеу тарихын жүктеуге мүмкіндік алды

Google қолданушылары іздеу тарихын жүктеуге мүмкіндік алды

Google іздеу жүйесінің қолданушылары енді өздерінің іздеу тарихын жүктей алады. Ғаламтор қолжетімсіз кезде қарау үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Ол үшін сұраныс жіберуіңіз керек. Одан соң Gmail  поштаңызға "Google дисктен" ZIP-мұрағатқа сілтеме берілген хат келеді.

Жолданған мұрағатта JSON форматындағы файлдар салынады. Ол жерде сіздің үш айда кірген сайттарыңыздың тізімі сақталады. Жаңа қызмет түрінің шығуымен қолданушылар қашан және не іздегендерін оңайлықпен табуға мүмкіндік алады. Тізімге қолданушының өз Google-аккаунты арқылы авторизациядан өткен кездегі іздеу сұраныстары енеді.

Ізде сұраныстарының тарихын жүктеп алу үшін қолданушыға "Қосымшалар және веб-іздеу тарихына" кіріп, белгішеге басып, "Жүктекді" таңдау керек. Кейін "Мұрағат жасау" дегенге басу қажет.

Есіңізге сала кетсек, бұрын Google тек іздеу тарихын қарауға ғана мүмкіндік берген еді. Ол кезде компьютеріңізге жүктеу мүмкін емес болған. Компания өкілдері қолданушыларға екі кезеңдік авторизациядан өтуге кеңес береді (телефон нөміріне PIN-код жіберу арқылы). Ол аккаунтты бұзудың алдын алады және басқа адамдардың қолданған мұрағаттарын компьютерге сақтамайды.

Похожие материалы