Экономика
Грекияға қосымша валюта енгізуі мүмкін
Германияның қаржы министрі Вольфганг Шойбле егер несие берушілермен келіссөздер сәтсіз аяқталса, Грекияға қосымша валюта енгізілуі мүмкін екендігін мәлімдеді. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме жасап Bloomberg хабарлайды. Министр валюталы одақтың мүшесі болмаса да, еуроны қолданып жүрген Черногорияны мысал ретінде айтты.
Басылымның атап өтуінше, мұндай позиция Германияның нашар жағдайларға дайындалып жатқандығын білдіреді. ГФР канцлері Ангела Меркель негізгі мақсат Грекияны еуроаймақта сақтап қалу дегенмен де, Шойбле Афинаның валюталы одақтан шығуы мүмкін екендігін айтады.
Ақпан айында Goldman Sachs сарапшылары дағдарыстың дамуы ретінде Грекияның қарыз қолхатын енгізетіндіктерін айтқан еді. Мұндай қолхаттар (IOU) елдің ішкі мақсаттарына қолданылады.
Грекияның маусымға дейін халықаралық несие берушілермен жаңа бағдарлама жөнінде келісімге келуге уақыттары бар. Әрі елге ішкі ресурстарындағы қарыздарын төлеу үшінде қаржы қажет.