
Греция үкіметі елдегі экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған реформалардың бірінші пакетін Брюссельге жібереді. Бұл туралы ВВС хабарлайды.
Өткен аптада Еуротоп елдері мен грек үкіметі Грецияны несиелендіру бағдарламасының келесі кезеңін 4 айға созу туралы келісімге қол қойған еді. Жаңа келісім-шарт бойынша, Греция үкіметі халықаралық несие берушілер тобы рұқсат беретін реформалар тізімін жариялауы қажет.
Афина билігі қабылдаған негізгі шаралардың арасында жемқорлықпен күресу және салық саясатының қатаңдауы бар.