Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды

Астана. 19 желтоқсан. 7kun.kz – Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің екі дерегі, соның ішінде адам ұрлау фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөзы қызметі хабарлады.

Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 млрд. теңгеден асады.

Антикор мәліметінше, ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді.

Гүлмира Сатыбалды, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді.

Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысу үшін берілді.

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда.

Похожие материалы