Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХҚКО-дағы құжаттардың дайын болғанын смс арқылы білуге болады

ХҚКО-дағы құжаттардың дайын болғанын смс арқылы білуге болады

Алматы. 9 наурыз. 7kun.kz — «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңа қызметтің іске қосылғанын хабарлады. Енді өтініштердің орындалғанын арнайы смс-хабарлама арқылы білуге болады.

«Енді сізге мерзімін шатастырып, уақыт шығындап халыққа қызмет көрсету орталығын барудың қажеті жоқ. СМС сізге ескертіп отырады, құжаттарыңыз уақытынан бұрын дайын болса да арнайы хабарлайды. Айтқандай, мұның барлығы тегін. Меніңше, «Азаматтарға арналған үкімет» орталығына келгендерің өмір жеңілдей түседі», — деді ол өзінің әлеуметтік парақшасында.

Сондай-ақ, смс арқылы қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалай алады.

Похожие материалы