Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халық банктің кірісі 92 млрд теңге болды

Халық банктің кірісі 92 млрд теңге болды

"Халық банк" АҚ-ның таза кірісі 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айында  92 млр теңгені құрады. Түсім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары ақпарат агенттігі.

Банк активтері 2014 жылдың 31 желтоқсандағы есебімен салыстырғанда 2015 жылдың есептік кезеңінде 35%-ға артқан.  Ал клиентерге берілген несие көлемі 19,4%-ды құрап, 1,967 триллион теңгеге жетті. Банктің жеке капиталы 6,5%-ға өсіп, 506 миллиард теңге болды.

Банк ақпаратына сәйкес, таза пайыздық айырмасы 2015 жылы 6,5%-ға артты.   Орташа жеке капитал қайтарымы (RоAE) жылдық 25,5%-ды құрады, ал орташа активтердің қайтарымы (RоAA)  — жылдық 4,1% болды. NPL 90+ коэффициенті 2015 жылдың 30 маусымында 13,3%  болса, 30 қыркүйекте  12,8%-ды құрады.  Коэффициенттің төмендеуі банктен несие алушылардың 21,3 млрад теңге көлеміндегі қарыздарын мерзімінен кеш төлеуімен байланысты.

Фото: procredit.kz

Похожие материалы