Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Халық банктың" еншілес банкі жабылды

"Халық банктың" еншілес банкі жабылды

Нидерландыдағы Халық банктың еншілес банкі HSBK (Europe) B.V. жабылды деп хабарлайды Kapital.kz іскери порталы.

Халық банк директорлар кеңесінің 2014 жылдың30 қыркүйекте жарық көрген Нидерландыда орналасқан банктың еншілес ұйымы болып табылатын HSBK (Europe) B.V. компаниясын ерікті түрде жабу туралы шешімінің негізінде 2014 жылдың 23 желтоқсанында HSBK (Europe) B.V. компаниясы Нидерландының Сауда палатасының тіркеуінен алынып тасталды. Процестің жабылу мерзімі - 2014 жылдың 9 қазаны мен 2014 жылдың 23 желтоқсанына аралығы.

Халық банк HSBK (Europe) B.V. компаниясының 100% меншік иесі болып табылған-ды. Осыған дейін еншілес банк еурооблигациялар шығарумен және орналастырумен, сондай-ақ бірлестірілген қарыз тартумен айналысып келген.

Похожие материалы