Астана. 30 қаңтар. 7kun.kz - "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ 2022 жылға дейін төленетін 5,5% мөлшеріндегі купон сыйақысымен 750 млн доллар сомасына еурооблигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын ішінара өтеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабаралады.
2019 жылдың 1 наурызынан бастап ішінара алдын ала төлем есептелген 200 млн доллар сомасында, бірақ төленбеген пайыздармен жіберіледі. Ішінара алдын ала төлем облигация иелеріне олардың облигацияларға иелік етуіне пропорционалды жүргізіледі. Тиісті хабарлама ноттарды ұстаушыларға клирингтік жүйелер арқылы жеткізілді.
"Бұл ішінара алдын ала төлем банктің артық долларлық өтімділігін пайдалана отырып, банкке өзінің капиталы мен қаржыландыру шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.