Халық банктің кредиттік портфель көлемі 554 млрд теңгені құрады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, несиелік портфельдің 1,3% төмендеуіне қарамастан, Халық Банкінің нарықтағы үлесінің сыйымдылығы - 3 353 млрд теңге. Нарықтағы үлес 1-ші тоқсан қорытындысы бойынша 16,5%-ға өсті (2015 жылдың соңындағы көрсеткіш - 15,99%).
Банк жеке тұлғаларға жалпы сомасы 51 млрд теңге құрайтын 53 мың кредит берді. Оның ішінде ипотекалық (кепілді) заемдар - 7,9 млрд теңгені, автокредиттер – 0,8 млрд теңге, кепілсіз қарыздар – 42,7 млрд теңгені құрады.
Халық банктің 2016 жылдың бірінші тоқсанында бөлшек депозиттері нарығындағы үлесі 21,1% құрады, жеке тұлғалар депозиттерінің өсімі 2016 жылдың 1-ші тоқсанында 47,5 млрд теңге құрады.