Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халықаралық агенттіктердің рейтингті төмендетуі Қазақстанға қалай әсер етеді?

Халықаралық агенттіктердің рейтингті төмендетуі Қазақстанға қалай әсер етеді?

Халықаралық агенттіктер Қазақстанның рейтингін бірінен соң бірі төмендетіп жатыр. Осыған қатысты LS сауалына жауап берген сарапшылар мұндай жағдайда мемлекет шетелден қарыз алуды жалғастыра береді дегенді айтады.

"Асыл-Инвест" сараптама департаментінің директоры Айвар Байкенов мемлекет рейтингінің төмендеуі мұнай нарығындағы жағдаймен байланысты екенін айтты.

"Қазақстан рейтингі түсіп жатқан бірінші мемлекет емес. Ресейден айырмашылығы мемлекеттің рейтингі әзірге инвестициялық деңгейде қалады. Елге қатысты жағымсыз болжамды Moody's и S&P агенттігі ғана айтты. Дегенмен жағдайды реттеудің жолдары бар. Тіпті сыртқы нарықтағы жағдай қолайлы болуы мүмкін. Мемлекет үшін инвестициялық рейтингті сақтап қалу инвесторлар тарту үшін маңызды", - деді ол. Сарапшы Үкімет қалайда экономикалық жағдайларға байланысты жасалып жатқан реформалар мен әрекеттерді, қабылданып жатқан шараларды көрсету керектігін атап өтті. Экономикалық факторлар ашық көрсетілсе, рейтинг агенттіктері оған да мән береді.

Oil Gas Project компаниясының директоры Жарас Ахметовтың сөзінше, мемлекет ретінде де, компания ретінде де шетел нарығынан қарыз алу барынша қымбат болады. Ал бұл өз кезегінде шығындардың ұлғаюына алып келеді. "Егер біз нақты шараларды қабылдамасақ рейтинг одан әрі төмендей береді", - деді Ахметов.

Ал тәуелсіз экономист Александр Юрин Fitch Қазақстанның кредиттік рейтингін төмендеткен халықаралық агенттіктер арасындағы "үлкен үштіктің" бірі екенін айтты.

"Мені ең үлкен екі агенттіктің болжамына қарағанда Fitch-тің Қазақстанға адал көзқараспен қарайтыны таң қалдырады. Басқа агенттіктермен салыстырғанда осы агенттік Қазақстан рейтингін бір сатыға жоғары бағалаған. Fitch Қазақстан рейтингіне қатысты "қалыпты" деген болжам айтады. Ал басқалары "жағымсыз" деп есептейді", - деп өз ойын айтты Юрин.

Сондай-ақ, ол соңғы жылдары Қазақстан экономикасына байланысты Fitch бағасында сәйкессіздіктер бар екенін атап өтті. "Қараша айында Fitch Қазақстан рейтингін "қалыпты" деген болжаммен ВВВ+ деңгейінде нақтылады. Сондай-ақ мұндай рейтинг туралы Қазақстанның мемлекеттік органдарының баспасөз баяндамаларында жазылды және нақты шынайы мазмұны болған жоқ. Ал инвестициялық сарапшылар арасында Fitch "үлкен үштік" ішінде саяси және объективті агенттік деген пікір қалыптасты. Себебі ресейлік ВТБ банк Fitch-тің ақылы қызметінен бастартқан соң агенттік оның рейтингін төмендеткен", - деді экономист.

Александр Юрин  Fitch мемлекеттік инвестиция деңгейін "қалыпты"деп белгілегенмен, басқа екі рейтинг агенттігінің деңгейді "жағымсыз" жағдайға жеткізуі Қазақстан үшін қиын болатынын атап өтті.

"Қазақстанның егемендік рейтингінің төмендеуінен халықаралық капитал нарығынан алынатын қарыз көлемі арта түседі және мемлекеттің қаржы тарту мүмкіндігі азаяды", - деді Юрин.

Ал ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институтының ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов болса кредиттік рейтингтер Қазақстанның экономикасына еш әсер етпейтінін айтады.

Оның сөзінше, рейтингтер бірінші кезекте мемлекеттік және ұжымдық облигацияларды орналастыруға және эмиссия параметрлеріне, яғни шетелдік инвесторлар арқылы жүзеге асырылатын қазақстандық эмитенттер облигацияларының портфельдік инвестициясына әсер етеді.

"Тікелей шетелдік инвестициялар тарту процесінде басқа да бірқатар маңызды аспектілер бар, сондықтан рейтингтің бір сатыға төмендеуі экономикаға әсер ете қоймайды. Оның үстіне сыртқы облигациялық қарыз көлемі ауқымды болмағандықтан кредиттік рейтингтің төмендеуі аса маңызды емес", -деп атап өтті Додонов.

BRB Invest-тің басқарма төрағасы Ғалым Хусаиновта рейтингтің төмендеуі ел экономикасына аса әсер етпейді дейді.

"Халықаралық рейтинг негізінен мемлекеттік облигациялар салынатын инвесторлар портфелін тартуға бағытталған. Ал Үкімет қазір тікелей инвестицялар бойынша жұмыс істеуі керек", - деді ол.

Айта кетейік,  Fitch Ratings, Moody's және Standard & Poor's (S&P) Қазақстанның рейтингін төмендеткен болатын. Ал 29 сәуір күні  Fitch Ratings Қазақстанның шетелдік валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB +-тен» «BBВ» деңгейіне дейін "қалыпты" деген болжаммен төмендетті.

Похожие материалы