Познавательный
Honda қауіпсіздік жастығының ақауы салдарынан 4,5 миллион көлігін кері қайтарады
Жапондық Honda автомобиль концерні қауіпсіздік жастығының ақауына байланысты 4,5 млн көлікті кері қайтармақ. Бұл компаниялардың ішінде Toyota Motor Corp., Nissan Motor Co., Honda және General Motors бар деп хабарлайды ВВС.
Компания хабарлағандай, Takata жастық жүйесінде ақаулы проблемалар туындаған, соның салдарынан компания осы жылғы сәуірден бастап көліктерді кері қайтара бастаған.
Мамандардың деректеріне сүйенсек, Takata қауіпсіздік жастығы бірден іске қосылып, соның салдарынан соққы кезінде салонға ұсақ металл сынықтары шашырайды.
Осыған дейін 10 түрлі автоөндірушілер 2008 жылы Takata компаниясы шығарған қауіпсіздік жастықшаларындағы ақауларға байланысты 25 млн көліктің кері қайтарылғандығын
хабарлаған еді. Кем дегенде соңы өлімге ұласқан 10 жағдайға қауіпсіздік жастықшасының кемшілігі себеп болған екен.