Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Хоум Кредит Банкі Global Brands Awards 2018 сыйлығына ие болды

Хоум Кредит Банкі Global Brands Awards 2018 сыйлығына ие болды

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – «Хоум Кредит Банк» АҚ Global Brands Magazine әлемдік брендтері туралы жетекші журналдың бастамасы бойынша бесінші Global Brands Awards сыйлығының қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік ретейл-банкі болып танылды.

Британдық басылымның халықаралық марапаты жыл сайын компанияларға үздік қызмет ету және қаржы, білім беру, телекоммуникация, автомобиль бизнесі және т.б. салаларында қосымша нәтижелерге жету үшін беріледі.

Биылғы жылы Global Brands Awards-тың әр түрлі номинацияларына әлемнің 7000-нан астам компанияларынан өтінім берілді.

«The Best Consumer Finance Provider» номинациясында жеңіс Хоум Кредит Банкіне бұйырды.

«Бізің алдымызда тұтынушылық несиелендіруге қатысты қысқа және ұзақ мерзімді жоспарлар тұр. Ал, әлемнің 10 елінде ұсынылған «Хоум Кредит» тобының орасан зор халықаралық тәжірибесі артта қалды. Халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасын қаржылық сараптамасыз және қаржы нәтижелерінсіз, сондай-ақ клиенттердің, серіктестер мен банк қызметкерлерінің қолдауынсыз мүмкін болмайды », - дейді банктің басқарма төрағасы Карел Горак.

Похожие материалы